Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес, 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес Сарыкөл ауданында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық комиссияларға 2023 жылғы мамырдың 15-нен маусымның 15-не дейін беріледі.

Толық ақпаратты Cарыкөл ауданының ішкі саясат бөлімінен білуге болады.