«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні»

«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні»

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 16 наурызда Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Сарыкөл ауданының әкімімен, құқық қорғау органдары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің және ведомствоаға қарасты ұйымдардың басшыларымен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өткізілді. Қабылдау барысында 20-ға жуық адам қабылданды. Сарыкөл ауданының тұрғындары оларды толғандыратын мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді, қосымша қарауды қажет ететін кейбір мәселелер бақылауға алынды. Ешкім назардан тыс қалған жоқ. Бұл Бірыңғай қабылдау күнін өткізудің тәжірибесі тоқсан сайын өткізілетін болады.