хабарландыру

хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 16 наурызда Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Сарыкөл ауданының әкімімен, құқық қорғау органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің басшыларымен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өткізіледі.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 6 наурыздан бастап 13 наурыз  аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 22-6-75 телефоны бойынша алуға болады.