Құрметті сайлаушы!

Құрметті сайлаушы!

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлауға қатысудың конституциялық құқығын жүзеге асырудың кепілі – Сіздің сайлаушылар тізіміне енуіңіз.

Тізімдерді белгілі бір сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тізімдерге тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтініші негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне отыз күн қалғанда немесе 2023 жылғы 17 ақпаннан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беруге және өзінің нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Бұл құқыққа:

- дауыс беру күні тіркеу орнында болмайтынын білетін азаматтар;

- жатақханадан тыс тұратын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын резидент емес студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар ие бола алады.

Азамат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округін, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтерін ескере отырып, сайлаушылардың бір тізіміне ғана енгізілуі мүмкін.

Сайлаушылар тізімдеріне қосу және алып тастауға, сондай-ақ деректеріңізді нақтылауға қатысты барлық сұрақтар бойынша сіз Call-орталықтың 87145136463 телефоны арқылы біле аласыз.

2023 жылдың 4 наурызынан бастап Сізге сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі.

 

 

Сарыкөл ауданы

әкімінің аппараты