Бүгін 24 қараша күні сағат 10:00-де республикалық «Қыс – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы шарасы өткізілді

Бүгін 24 қараша күні сағат 10:00-де республикалық «Қыс – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы шарасы өткізілді

«Қыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Сарыкөл ауданының ТЖ бөлімі және азаматтық қорғау құралымдарының оқу – жаттығуға тартылатын бөлімшелері ағымдағы жылдың 24 қарашасында Қостанай-Сарыкөл автожолының 679-683 км оқу-жаттығу орнында «Облыстық шұғыл ден қою жиынтық жасағының дайындығын қарауы», апаттық-құтқару шұғыл жұмыстарын практикалық орындау бойынша іс-қимылдар пысықталды,

«Тұрғын көпқабатты үйдегі апаттарды жою бойынша азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарының жеке құрамының іс-қимылдарын пысықтау»,

 және «Қостанай-Сарыкөл автожолында қысқы кезеңде авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу».

«Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру барысында облыс аумағында электросиреналарды іске қосумен ТЖ қаупі туралы халықты хабардар етуді тәжірибелік пысықтау жүзеге асырылды.