33 сайлау учаскесі Сарыкөл ауданында өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жұмыс істеді

33 сайлау учаскесі Сарыкөл ауданында өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жұмыс істеді

Учаскелер сағат 7.00-ден бастап жұмыс істей бастады. Аудан бойынша барлығы 33 сайлау учаскесі жұмылдырылды, таңертеңнен бастап сайлау құқығы бар аудан тұрғындары аудан учаскелеріне белсенді келіп, дауыс берді. Осылайша, Сарыкөл ауданында алғаш рет дауыс бергендердің бірі - Панченко Максим болды. Ол № 674 учаскеде дауыс берді. Максимнің өзі айтқандай, бұл күн ол үшін маңызды күндердің біріне айналды, өйткені ол алғаш рет Қазақстанның болашағы тәуелді болатын байыпты шешімдер қабылдады. Максимге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы құрметіне бірінші рет дауыс берушіге естелік сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, сайлауға қатысуға бірінші болып келгендерге және отбасыларымен азаматтық белсенділік танытуға келгендерге сыйлықтар қарастырылды. Сыйлық ретінде Сарыкөл ауданы мен Қостанай облысына байланысты естелік кәдесыйлар қарастырылған болатын.

Сарыкөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі