Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Республикасының Кәсіподактар федерациясымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2022 жылы «Парыз» конкурсын (бұдан әрі- конкурс) өткізу туралы жарияланды.

          Осы конкурс келесі номинацияларда өткізіледі:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

-  «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

  • «Үздік ұжымдық шарт»;
  • «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Аудан кәсіпорындарын жоғарыда  көрсетілген  номинациялар бойынша  конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Өтініштерді және сауалнамаларды 2022 жылғы 1 маусымға дейін «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекенжайына немесе sarsots@yandex.ru. электрондық мекенжайына ұсыну қажет