Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін

Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша, сондай-ақ өзге де қызметті жүзеге асырады.

Осыған байланысты Сарыкөл ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Марат Лесбекович Шымырбеков 2021 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-ден 13.00-ге кезеңде Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (онлайн форматта) өткізеді.

Барлық тілек білдірушілер жеке, сондай-ақ WATSAPP және ZOOM арқылы 8 714 51 21790 (қызметтік), 87016451166 (ұялы) телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады.