Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

2021 жылғы 22 шілдеде Сарыкөл ауданының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Қостанай облысының Сарыкөл кентінде арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығу барысында терроризм актілерін жасаудың түрлі сценарийлеріне хабарлау және ден қою жүйелерін жетілдіру мәселелері, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың берілген күштері мен құралдарын басқару дағдылары пысықталды.