Ұлттық Банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Ұлттық Банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы  1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдауды және ауыстыруды тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары, оның ішінде Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін осы банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдары қабылдауды және оларды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады.

Банкноттарды айырбастау мәселелері бойынша Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына хабарласуға болады: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195 үй. Кассалардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 1 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТА