Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы Амантай Балғариннің басшылығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Оған Сарыкөл аудандық мәслихатының "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының басшысы Б.Ж. Шоқаева және саяси кеңес бюросының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде:  "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!" Жол картасын бекіту (Сарыкөл ауданы бойынша);  "Nur Otan" партиясы Сарыкөл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының құрамын бекіту;  "Nur Otan" партиясының Сарыкөл аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту» және Сарыкөл аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының жұмыс жоспарын келісу мәселелері қаралды.

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша қатысушылар дауысқа салып, бір ауыздан қолдады.

-Бүгін саяси бюроның алғашқы жиынында бас қосып отырмыз. Біздің мақсатымыз – жаңа бағдарлама аясында, бекітілген жоспарларға сай бірге  жұмыс істеп, халықтың өзекті мәселелерін шешу. Сондықтан да, жұмыстарыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық тілеймін, - деп түйіндеді отырысты аудан басшысы Амантай Кәкімбекұлы.