Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 27 желтоқсанда Қостанай облысында COVID-19-дың 62 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,8 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 30 адам, Рудный қ. - 11, Қостанай ауданында - 5, Федоров ауданында - 4, Ұзынкөл ауданында -4, Арқалық қ. – 3, Әулиекөл ауданында – 2, және 1 адамнан Алтынсарин, Денисов, Сарыкөл аудандарында.
51 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам «Өбаған» автоөткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекараны өткен кезде профилактикалық мақсатта тексеріліп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 15 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 27 желтоқсан аралығында COVID-19-дың 7327 жағдайы тіркелді.