Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 02 желтоқсанда Қостанай облысында COVID-19-дың                          82 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,5 % құрады. 
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. –21, Қостанай ауданында - 10, Жітіқара ауданында – 10, Лисаковск қ. – 6, Денисов ауданында – 4,  Қамысты ауданында – 2, Алтынсарин ауданында – 1, Меңдіқара ауданында – 1, Науырзым ауданында – 1.
61 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 4 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 60 адамда ауру белгілері болды, 22 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 02 желтоқсан аралығында COVID-19-дың  5554 жағдайы  тіркелді, 3967 адам емделіп шықты.