Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 24 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың                          66 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,4 % құрады.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 25 адам,  Сарыкөл ауданында – 11, рудный қ. – 8, Қарабалық ауданында – 8, Жітіқара ауданында – 5, Денисов ауданында – 4, Лисаковск қ. – 2, Қостанай ауданында – 2, Әулиекөл ауданында – 1.

34 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам  ЖРВИ диагнозымен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды, 21 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 4 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 1 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.

Індет жұқтырғандардың ішінде 35 адамда ауру белгілері болды, 32 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 24 қараша аралығында COVID-19-дың  4913 жағдайы  тіркелді, 3736 адам емделіп шықты.