«Траффикингқа жол жоқ».

«Траффикингқа жол жоқ».

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128 бабына сәйкес адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген (траффикинг).

Қазіргі уақытта адамдарды үй шаруашылығына жұмысқа салу мақсатында адам саудасы кеңінен таралған.

Үй шаруашылығына бағынышты адамдар, көбіне ауыр және қауіпті жұмыстар атқарады.

Үлкен ауыл шаруашылық мекемелерінде қызметкерлердің көп бөлігін, мал бағатын, аула тазалайтын, малға тамақ дайындайтын және т.б. қызметтерді атқаратын үй қызметшілері құрайды.

Көбінесе, ондай қызметшілердің еңбек ақысы төленбей, тек тұрғын үй мен азық бергенге жұмыс істейді. Жұмысын дұрыс істемеген немесе істемеген жағдайда оларға зорлық-зомбылық көрсету орын алады.

Әрбір адам жынысына, ұлтына және діни көзқарастарына қарамастан адам саудасына шалдығуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары адам саудасы және оларды қанаумен белсенді күресуде.

Егер Сізге адамдарды шаруашылыққа салу мақсатында адам сату фактілері белгілі болса 102 нөмірі арқылы полицияға және Сарыкөл ауданының прокуратурасына хабарлауыңызды ұсынамыз.

Сарыкөл ауданының прокуратурасы