Көпбалалы анасы "Алтын Алқа" алқасымен марапаттау

Көпбалалы анасы "Алтын Алқа" алқасымен марапаттау

Аудан әкімі Марат Лесбекұлы Шымырбеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығына сәйкес Тимирязевка ауылының көпбалалы анасы Лариса Викторовна Петлеваннаяға "Алтын алқа" мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыс етті.

"Алтын алқа" алты баланы дүниеге әкелген және тәрбиелеген аналарға беріледі. Бұл марапат олардың жанқиярлық еңбегі мен болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін мойындау болып табылады.