
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және Әнұран-еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің ажырамас атрибуттары, халықтың бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық құндылықтарды және жасампаздыққа ұмтылысты білдіреді.
Бұл мереке әрбір азаматқа мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың, патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және Отанға адалдықты нығайтудың маңыздылығын еске салады. Мемлекеттік ту астында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда және халықаралық беделді нығайтуда жаңа табыстарға қол жеткізе отырып, сенімді түрде алға жылжуда.
Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, амандық, келісім және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бізді әрқашан Отанымыздың өркендеуі жолында игі істерге, бірлік пен жасампаз еңбекке шабыттандырсын.
Сарыкөл ауданының әкімі М.Шымырбеков