
2026 жылғы 9 мамыр күні Сарыкөл кентінің орталық алаңында Ұлы Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, мекеме басшылары, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Жиналған қауым майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара патриоттық рухта өтіп, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды көрінісіне айналды.