Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Лесбекұлы Шымырбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру жұмыстары жайлы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.