
Құрметті Сарыкөл ауданының тұрғындары мен қонақтары! 9 мамыр күні сағат 10:00-де Сарыкөл кентіндегі Жеңіс саябағында Ұлы Жеңіс күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Баршаңызды тағылымды іс-шараға қатысып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне тағзым етуге шақырамыз.