
2026 жылғы 6 мамыр күні Сарыкөл кентінің орталық алаңында Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында жас жол инспекторлары мен төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің көрсетілімдік бағдарламалары ұсынылып, үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, сондай-ақ болашақ сарбаздарды шығарып салу шарасы өтті. Жиналған қауым алдында Сарыкөл ауданының әкімі Марат Лесбекұлы Шымырбеков сөз сөйледі. Іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл мереке Отан қорғаушыларға деген құрметтің және жастарға патриоттық тәрбие берудің айқын көрінісі болды.