
17 сәуірде Арқалық қаласының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Арқалығым – ардағым» атты ән байқауында сарыкөлдік әнші Абай Нағашыбайұлы жоғары өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ол қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Аталған байқау Арқалық қаласының бай тарихы мен жетістіктерін насихаттауға, сондай-ақ мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген талантты өнерпаздарды кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында жергілікті композиторлар мен орындаушыларға қолдау көрсетіліп, «Тобыл-Торғай» өңіріне тән әндер дәріптелді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға ықпал етті.
Байқауға қазылық еткендер қатарында:
– Ғалия Жұмабаева — Астана халықаралық университетінің жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы, «Білім саласының үздігі» медалінің иегері;
– Боранбай Әбенов — ҚР Мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы;
– Нұрболат Арзамасұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор бар.
Байқауда ұсынылған Абайдың орындаған жаңа туындысы — “Ардақты қалам — Арқалық” әні. Әннің сөзін Әл-Фараби Бегарысұлы жазса, әуенін Үкітай Ерниязов жазған.