2025 жылғы 15 мамырда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «№ 1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ акт залында «Жұмысшы мамандықтар жылына» және Халықаралық отбасы күніне орайластырылған «Рахмет, туған елім!» іс-шара өтті. Іс-шараның басты кейіпкерлері - Қарамысовтар әулеті: атасы Қарамысов Боранбай Ақшабарұлы - 30 жылдық еңбек өтілі бар еңбек ардагері, ұлы Қарамысов Серік Боранбайұлы - жас маман. Олар өз мамандықтары - теміржол саласы туралы қызығушылықпен айтып, мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап берді. Ардагерлер мен жас ұрпақтың жемісті жұмысы, әке мен ұлдың кәсібі ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын көрсетеді.
Аталған іс-шараға Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С. Бексейітов, Качар кентінің құрметті еңбек ардагерлері Ж.А. Досжанов, В.И. Снаткина, В.И. Кузнецова, Л.М Рой, М.Н. Кошчугулова, «№ 1 Қашар жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары қатысты.