
2026 жылғы 19 тамызда Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйінде еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы туралы ақпарат берілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Ата Заңның өзекті ережелері бойынша түсіндірмелер алды.