
2025 жылғы 8 қаңтарда Қашар кентіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлы келді.
Сапар аясында депутат саябақты абаттандыру жобасының іске асуымен, сондай-ақ «Строй Хоум КВ» ЖШС жүзеге асырып жатқан №84 ғимараттың қайта жаңғыртылу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, «ERG» компаниясының қолдауымен «Туған қала» жобасы аясында орнатылған автотұрақ пен балалар ойын алаңы сияқты абаттандыру нысандары да араланды.
Сапар аясында кенттегі автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары да қаралды.
Сапар соңында Қашар кенті тұрғындарымен кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Кездесу барысында «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы және ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді.