
Мемлекет басшысының тұрғын үй қорының құрылыс көлемін арттыру және жаңғырту, сондай-ақ азаматтарды сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Қашар кентінде 1 шағын ауданда № 84 көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілуде. 2025 жылғы 18 шілдедегі «Строй Хоум КВ» ЖШС-мен жасалған №411292 сатып алу-сату шарты бойынша учаскедегі жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
Аталған іс-шара кейіннен мемлекеттік тұрғын үй қорынан Қашар кентінде тұрғын үй алу үшін есепте тұрған азаматтардың санаттарына тұрғын үй беру мақсатында жүзеге асырылады.