
2025 жылғы 4 қарашада Қашар кентінің әкімі Раймбекова М.Қ. Рудный қалалық мәслихатының депутаты В.В. Мищенкомен бірге Қашар кентінің ұйым қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында ел дамуының негізгі бағыттары айтылды: цифрландыру мен жасанды интеллект, заңдылық пен мәдениетті нығайту, бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әлеуметтік әділеттілік, адами капиталды дамыту, сондай-ақ табиғатқа қамқорлық арқылы экологиялық мәдениет пен патриотизмді қалыптастыру.