
Республика күніне орай Қашар кентінде Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға кенттегі мекеме қызметкерлері қатысты.
Кент әкімі Мадина Раймбекова барлық тұрғындарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, бірлік, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Мемлекеттік мекеме басшыларына «Аманат» партиясының алғыс хаттары табысталды.