2025 жылғы 2 қыркүйекте Қашар кентінде жаңа оқу жылының басталуына — Білім күніне арналған салтанатты жиындар екі жалпы білім беретін мектепте өтті.
«№1 Қашар жалпы білім беретін мектебінде» оқушыларды, педагогикалық ұжымды және ата-аналарды Қашар кентінің әкімі Мадина Раймбекова мен мектеп директоры Снежана Анацкая құттықтады. Олар өз сөздерінде білімнің маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға табыс, сенім мен білімге ұмтылыс тіледі.
Салтанатты көңіл-күй «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде» де жалғасты. Мұнда құттықтау сөзді Қашар кенті әкімінің орынбасары Қойшынов Асылбек Талғатұлы мен мектеп директоры Есбергенлва Жанар арнады. Олар жаңа оқу жылы әр оқушы үшін өсу, жетістік пен жарқын жаңалықтарға толы болатынына сенім білдірді.
Салтанатты жиындар бірлік, шабыт пен жарқын болашаққа сенім рухында өтті.