Әлеуметтік байланыс және мобильді интернет сапасын арттыру бағдарламасы аясында байланыс операторлары биыл біздің өңірде базалық станциялар жабдықтарын модернизациялау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – байланыс сапасын жақсарту, қамту аймағын кеңейту және аймақ тұрғындары үшін тұрақты қосылымды қамтамасыз ету.
Алайда, біз сіздердің назарларыңызды лицензияланбаған жабдықтарды, әсіресе сигналды күшейтетін репитерлерді қолданудың қауіпті салдарларға әкелуі мүмкіндігіне аударғымыз келеді.
Бұл неге маңызды?
Лицензияланбаған құрылғылар базалық станциялардың жұмысында кедергілер тудырады.
Бұл тек бір пайдаланушы үшін байланыс сапасын төмендетіп қана қоймай, бүкіл елді мекеннің байланысына да әсер етеді.
Сіздерді лицензияланбаған құрылғыларды пайдаланудан бас тартып, байланыс сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдауға шақырамыз. Сигналды дұрыс күшейту үшін ресми байланыс қызметтерін жеткізушілеріне жүгініңіз, олар сіздерге қауіпсіз әрі заңды жолдармен байланыс сапасын жақсартудың тәсілдерін ұсынады.