Қымбатты ардагерлер, рудныйлықтар!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні біз ерлікпен шайқасып, өз өмірін құрбан ете отырып, бейбітшілік пен еркіндік үшін күрескен ата-бабаларымыздың алдында бас иеміз. Олардың ерлігі, табандылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қайсар рухтың белгісіне айналды.
Қазақстан – бейбітшілікті, тұрақтылық пен татулықты қадірлейтін ел. Бүгінгі бейбіт аспан – болашақ ұрпақ үшін өмірін қиған батырларымыздың арқасы. Біздің парызымыз – осы естелікті сақтап, Жеңіс иелерінің лайықты ұрпағы болу, патриотизмді нығайту, тарихқа құрметпен қарау және еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Сіздердің ерліктеріңіз, рухыңыздың мықтылығы мен Отанға адалдығыңыз – бәрімізге үлгі. Сіздер бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар, біз сіздерге мәңгілік ризамыз. Сіздердің Жеңіске қосқан үлестеріңіз қаламыздың және еліміздің тарихында мәңгі сақталады.
Күндеріңіз қамқорлыққа, жылулық пен құрметке толы болсын! Сіздерге зор денсаулық, жан тыныштығы мен амандық тілеймін!
Рудный қаласының әкімі
В.Ионенко