
Бүгін Рудный қаласы әкімінің орынбасары Сәкен Балғабайұлы Қоқышев мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында негізгі ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, барлық жоспарланған іс-шараларды үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сәкен Балғабайұлы мереке күндері қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Әкімнің орынбасары ұйымдастырушылық сәттерді пысықтауды, барлық мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етуді және белгіленген дайындық мерзімдерін қатаң сақтауды тапсырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау аясында, қызметтен тыс уақытта да белгіленген мінез-құлық ережелерін бұзу жол берілмейтіні туралы мәселе көтерілді. Әкімнің орынбасары әрбір мемлекеттік қызметші кез келген уақытта және жағдайда жоғары жеке жауапкершілік танытып, кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтауы тиіс екенін атап өтті.