Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы – магистратура, 3-і – докторантура бағдарламалары.
Магистратура бағдарламалары:«MPA – Мемлекеттік басқару», «MPP – Мемлекеттік саясат», «MIR – Халықаралық қатынастар», «ME – Экономика», «MRD – Өңірлік даму», «MHRM – Адами ресурстарды басқару», «MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару», «EMPA – Мемлекеттік басқару» (модульдік оқыту негізінде), «MRDm – Өңірлік даму» (модульдік оқыту негізінде).
Докторантура бағдарламалары: «DPA – Мемлекеттік басқару», «DE – Экономика», «DIR – Халықаралық қатынастар».
Биыл да магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінді.
2025 жылғы қабылдау науқанының басты жаңалықтары мен өзгерістері:
Жаңа MDPA магистратура бағдарламасы цифрлық трансформацияны басқару, мемлекеттік секторда цифрлық шешімдер әзірлеу мен енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бір жылдық бағдарламаға цифрлық даму саласында жұмыс істейтін және бейінді жоғары білімі бар, кемінде 3 жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар үміткерлер қатыса алады.
Барлық магистратура бағдарламаларына қабылдану үшін мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.
«MPA – Мемлекеттік басқару» бағдарламасына – кемінде 5 жыл,
«MPP – Мемлекеттік саясат» бағдарламасына – кемінде 4 жыл еңбек өтілі талап етіледі.
Енді ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері де оқи алады.
Әрбір бағдарламаға саласына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер магистратура мен докторантура бағдарламаларына үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында енгізілді.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
Іріктеу кезеңдері:
Докторантура бағдарламасына үміткерлер үшін қосымша зерттеу жоспары (Research proposal) бағаланады.
Оқу процесі дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады.
Академияның артықшылықтарын атап өтер болсам:
– тәжірибеге негізделген оқу процесі
– кәсіби және тұлғалық даму
– мемлекеттік қызметші жалақысы көлемінде стипендия
– шетелдік тағылымдама
– ғылыми зерттеулер мен жобаларды қорғау
– тәжірибелі профессорлар мен сарапшылардан дәріс алу
– «Жас мемлекеттік қызметшілер үйінде» тұру мүмкіндігі
– пайдалы нетворкинг пен қауымдастықтың бір бөлігі болу.
Қабылдау ережелері туралы толық ақпарат Академияның ресми сайтында – apa.kz, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған. Қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясынан немесе Академияның Қостанай облысы бойынша филиалынан төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шалу арқылы біле аласыздар:
+7 777 475 0744 – Бекахметова Акерке Дауренбековна;
+7 701 457 8040 – Акмухамбетова Дариха Аслбековна.
Академия – бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді дамуына үлес қосқысы келетін, кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылатын мамандар үшін бірегей алаң.