Хабарландыру!

Хабарландыру!

🔸Бүгін сағат 10:00-де Рудный қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері экспозициясының салтанатты ашылуы өтеді.

Бұл маңызды оқиға Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар күнін мерекелеуге орайластырылған және патриоттық рухты нығайтуға бағытталған.

Рудный қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға қатысуға және Отанымыздың тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағын бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын бірге атап өтуге шақырамыз!