Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында  «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бастамасымен Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп кезекті «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкеге Рудный қаласы әкімдігінің барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары қатысты.

Халықты қамту 50-ден астамадамды құрады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың қол жетімді мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ оларды алу мәселелері бойынша кеңес беру болып табылады.