2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 айдағыкірістілігі11,99% құрады, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 7,37%, ал инфляция мөлшері - 10,00%.
Соңғы 3 жылдық динамикадағы инвестициялық кіріс тұрақты өсім көрсетіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.
Инвестициялық кіріс мөлшері қаржы және валюта нарығындағы жағдайларға байланысты құбылып отырады. Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін:
Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Олар, ең алдымен, еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім инвестициялардың тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде орын алып тұратын өзгеруіне байланысты. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандырузейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді перспективада сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді.
Осылайша, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 958,64% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 863,96%көрсетті.
2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,38 трлн теңгеге жетті. Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 01.04.2025ж.жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6%құрайды, бұл инвестициялық қызметтің азаматтардың жинақтау құрылымында алатынрөлініңмаңызды екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алужүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) ««Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).