Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды

Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі Н. Серікбаева ҰОС қатысушысы Екібаев Ілиястың үйінде болды. Алдағы Жеңіс күнімен құттықтап, Рудный қалалық мемлекеттік архивінің фоноқұжаттар жинағын толықтыру үшін оның соғыс туралы естеліктерін жазды.