Меритократия іс жүзінде: 10 қатысушының 9-ы жоғарылады

Меритократия іс жүзінде: 10 қатысушының 9-ы жоғарылады

Меритократия іс жүзінде: 10 қатысушының 9-ы жоғарылады

Қостанай облысында меритократия қағидаттарын және әділ кадрлық саясатты жүйелі түрде нығайту жалғасуда. Кезекті мониторингтің нәтижесі бойынша өңір мемлекеттік қызметшілері үшін «мансаптық лифт» тұрақты түрде жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Жыл басынан бері облыс әкімінің аппараты, тексеру комиссиясы, мәслихаттар, басқармалар мен аудан әкімдіктері бойынша бос лауазымдарға 125 конкурс жарияланды. Оның 57-сі ішкі конкурс – яғни, тек жүйеде жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген.

Аталған конкурстарға 106 үміткер қатысып, оның қорытындысы бойынша 55 адам лауазымға тағайындалды.

Атап өту керек, ішкі конкурстар – мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер үшін мансаптық өсудің басты құралы болып табылады.

Мәселен, ішкі конкурстардың нәтижесінде 22 адам тағайындалып, олардың 19-ы жоғары лауазымдарға ие болды.

Басқаша айтқанда, он қатысушының тоғызы мансаптық сатыда бір сатыға жоғарылады.
Мысалы, 2025 жылдың наурыз айынан бастап Майкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарған Мария Соколина Қостанай ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ал, Адлет Жиенғали осы жылдың сәуір айына дейін Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарған болса, қазіргі таңда осы бөлімнің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, ерекше атап өтуге болатын мамандардың бірі – Даметкен Қарымсақова. Бұған дейін Науырзым ауданы Қожа ауылы әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарған ол, биылғы наурызда Қостанай облысы Қаржы басқармасының бөлім басшысы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г.Қ. Шагирова