Рудный қаласы әкімі Құрылысшылар күнімен құттықтады

Рудный қаласы әкімі Құрылысшылар күнімен құттықтады

Тамыздың әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Құрылысшылар күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 1998 жылы Республика Президентінің Жарлығымен ресми түрде бекітілді.

Бүгін Рудный қаласы әкімі В. Ионенко құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, құрылысшы күні кәсіби мерекесін тойлауға байланысты адал еңбегі және жоғары кәсіпқойлығы үшін Рудный қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен қаламыздың бетке ұстар мамандары: Бурлаков Владимир Геннадьевич, Жанахметов Назарбек Ануарович, Ковальчук Александр Николаевич, Ажибаев Тимур Талапович, Головин Виктор Юрьевич, Жемерханов Бекзат Демеусинович, Банчужный Юрий Васильевич, Васильева Светлана Святославовна, Герасименко Сергей Александрович, Шамов Владимир Васильевич және Фирсова Татьяна Николаевна марапатталды.

Қала әкімі құрылыс шеберлеріне жаңа табыстар, мықты денсаулық және сарқылмас қуат, әрбір жобалары Рудный қаласына және қала тұрғындарына қуаныш пен пайда әкелуін тіледі!