Құрметті рудныйлықтар!

Құрметті рудныйлықтар!

Құрметті рудныйлықтар!

Қаламыздың барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Осы мерекемен сенушілер үшін ең маңызды айдың бірі Рамазан айы аяқталады.
Бұл кезеңде игі істер жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, мейірім мен шапағат көрсету әдетке айналған.
Бұл сондай-ақ жақыныңа деген сүйіспеншілік, бітімгершілік, әділдік және жүрек тазалығы бірінші орында тұратын христиандық сенімге сәйкес келеді.
Сондықтан Ораза айт мерекесі дініне қарамастан Қазақстанның барша тұрғындарын біріктіреді.
Мұны біздің өңірде де, басқа облыстарда да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетіп жатқан орасан зор көмек дәлелдейді. Осынау жарқын мерекеде ел басына туған қиын күндерде бірлік пен ынтымақ танытқан баршаға алғысымды білдіремін!
Бұл мереке отбасыларыңызға, шаңырақтарыңызға тыныштық, қуаныш пен береке әкелсін. Сіздерге жақсылық, бейбітшілік, денсаулық және де ең асыл армандарыңыздың орындалуына тілектеспін.
Осы ерекше күнде жан жылулығын тілеймін!