«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы Nº 18 бұйрығына сәйкес Рудный қаласының аумағында 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау үшін сараптамалық кеңестің құрамы қалыптастырылады.
Азаматтық қоғам өкілдері арасынан сараптамалық кеңес мүшелігіне кандидаттарды шақырамыз.
Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде және ерікті негізде жүзеге асыратынын қосымша хабарлаймыз.
Бұл ретте сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттар Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарламаны толтыруы қажет (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес).
Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу туралы өтінімді 871431 4 54 33 телефоны бойынша қалдыруға болады (Ермешекова Гүлшат Амантайқызы-Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Ілиясов Мейрамбек Мұратұлы - Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы)