Архив және архив қызметі туралы.

Архив және архив қызметі туралы.

15.11.2023 ж. Рудный қалалық мемлекеттік архивінің  архившісі А. К. Шомаева "Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" КМҚК " Құқықтану" мамандығы бойынша екінші курс студенттері үшін қалалық архивке шолу экскурсиясын өткізді. А. К. Шомаева студенттерге архив қызметі, архивтердің мақсаттары мен міндеттері, Рудный  қалалық архивінің  құрылу тарихы мен жұмысы туралы айтып берді. Суденттерге Рудный архивінде қанша қор бар және қандай құжаттар мемлекеттік сақтауда екендігі туралы мәлімет берді, архивтік құжаттарды қабылдау және сақтау тәртібін түсіндірді, азаматтардың жеке қорларымен таныстырды. "Рудный қаласының шығармашылық адамдарының құжаттар жинағы" қорының құжаттары бойынша құрастырылған Қазақстанның құрметті журналисі, Рудный қаласының журналистика ардагері Е.И. Литвинованың еңбек және шығармашылық қызметі туралы "Жақсы адамдардың өмірі" атты фотоқұжаттық экспозициясын ұсынды.

Соңында студенттерге құжаттардың қоймаларда қалай сақталатыны, электрондық архив құру үшін құжаттарды цифрландыру қалай жүргізілетіні, құжаттар қалай тігілетіні көрсетілді. Іс-шараның мақсаты архив қызметінің имиджін арттыру және жастарды архив құжаттарын пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерттеуге баулу. Барлығы 16 студент қатысты.