Құрметті әділет органдарының қызметкерлері, заңгерлер!

Құрметті әділет органдарының қызметкерлері, заңгерлер!

Қазақстанда 30 қыркүйекте кәсіби мереке - 2012 жылы Қазақстанның кәсіби мерекелерінің күнтізбесінде пайда болған Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанның заң қоғамдастығының барлық өкілдері құттықтаулар қабылдайды.

Қазақстанның әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысындағы заңдылық режимін қолдайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және Заңды мүлтіксіз орындағаныңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Осы айтулы күні Сіздерге күрделі және жауапты еңбектеріңізде табыс, кәсібилікті жетілдіру, қойылған міндеттерді орындау үшін зор денсаулық тілеймін!

Рудный қаласы әкімі В.Ионенко