Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің "Әділетті Қазақстан-адал азамат" атты форумы өтті

Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің "Әділетті Қазақстан-адал азамат" атты форумы өтті

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Рудный қаласы әкімдігі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.O. Қабдушев Лисаков қаласында өткен форумға қатысты. Форум тақырыбы "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың заманауи үрдістеріне"арналды.

Форумға Лисаков қаласының әкімі А.С.Ибраев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Е.А.Салықбаев, ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Сыдықова және кеңес мүшелері қатысты.

Форумда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп мәселелері және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді ескеретін Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланды.

Қызметтік этика нормаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін Этикалық кодекстің маңызы зор екенін ескерген жөн. Жаңа Әдеп кодексіне сәйкес ҚР мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады.

Сонымен қатар, форум аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернатының балалар және педагогикалық ұжымдарымен кездесу және Лисаков қаласының аллеясына ағаш отырғызу акциясы сияқты әлеуметтік жауапкершілік бойынша іс-шаралар өткізілді.

Бұл шаралар әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға және қоғамның оң дамуына ықпал етеді.