1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті рудныйлықтар!

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілуде. Балалық шақ - бұл бүкіл әлем ерекше болып көрінетін уақыт: жарқын, алаңсыз, жақсылық пен жарыққа толы. Кейінірек, есейе келе, біз балалық шағымыздағы алғашқы жаңалықтарымызға оларды ғажайыптармен салыстыра отырып,  таңырқағанымызды еске аламыз. Және көп жағдайда бізге бұл сезімді ата-аналарымыз  өз қамқорлығымен және махаббатымен сезіндірді.

Балаларымыздың қандай болып ер жететіні бізге, яғни ата-аналар мен ересектерге тікелей байланысты. Рудный қаласында дарынды, өз ісіне құмар балалар өте көп. Бұған қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларда жеткен лайықты жетістіктер, түрлі деңгейдегі байқауларда ие болған көптеген жоғары орындар, спорт саласындағы жоғары жетістіктер дәлел.

Бүгін мектеп оқушылары үшін соңғы оқу  күні, алда жазғы демалыс, алаңсыз және қуанышқа толы күндер. Баршаңызға денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық және жарқын әсер тілеймін!

Қала әкімі Виктор Ионенко