Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін 1, 2 топтағы мүгедегі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, қарттар, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (АОЖБ) ұсынымдары бар 1 және 2 топтағы мүгедектік болғандар, тұратын өңірдің аумағында еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ жасына байланысты зейнеткерлер ресімдей алады.

Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда        «E-gov» электрондық үкімет веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы беруге болады. Міндетті құжаттар тізіміне медициналық карта, балалар үшін – психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің қорытындысы, зейнеткерлер үшін – зейнет жасын куәландыратын құжат туралы мәліметтер кіреді.

Әлеуметтік қызметтер порталында (ЖӨБ) үйде қызмет көрсету ұйымын таңдау үшін өтініш берушілердің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша ақпаратты 2-45-04 телефоны арқылы алуға болады.