Салық төлеушілердін назарына!

Салық төлеушілердін назарына!

Салық төлеушілердін назарына!

 

POS-терминалын орнатуға және пайдалануға кім қажет

 

 

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

            Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.

                  Қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы№ 604 қаулысымен бекітілді, оны орындау барысында Қазақстан Республикасының аумағында адамдар өздері жұмыс істейтін орындарға жабдық(құрылғылар) орнатуды қамтамасыз етуге міндетті, төлем карточкаларын пайдаланып төлемдерді алуға арналған.