2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімдері туралы

2021 жылға  жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімдері туралы

2021 жылға  жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімдері туралы.

 

Жеке тұлғалардан мүлік және жер салықтарын  бюджетке төлеуді 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей жүргізу қажет, деп хабарлады  Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын салу объектісі болып Қазақстан Республикасының аумағында жүргендер табылады:

1) өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері.

 

Азаматтардың жеңілдігі бар санаты төлеушілер болып табылмайды, оларға мыналар жатады:

1) Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар

барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 еселенген АЕК мөлшері шегінде

3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге;

4) бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

5) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар».

меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК 1000 еселенген мөлшері шегiнде.