1 қыркүйек-Білім күні
Құрметті рудныйлықтар!
Бүгін жаңа оқу жылы өз есебін бастайды. Қыркүйектің бірінші күні мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, сондай-ақ барлық мұғалімдер үшін толқитын күн . Бүгін бірінші сынып оқушылары мектеп біліміне алғашқы қадамын жасайды, ал 11 сынып оқушыларының болашағы анықталатын мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылы.
Бұл жыл Қазақстанда балалар жылы ретінде атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев баршаға жалпыұлттық міндет – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуді белгіледі. Оны орындауда ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар қаланың білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымдарына да маңызды рөл беріледі.
Барлық оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға жарқын оқу жылы, жаңа білім, зор денсаулық және амандық тілеймін!
Рудный қаласының әкімі Қ. Х. Испергенов