Бүгін қала әкімі Қ.Х.Испергенов қалалық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді

Бүгін қала әкімі Қ.Х.Испергенов қалалық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді

Бүгін қала әкімі Қ.Х.Испергенов қалалық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Қостанай облысының өндіріс көлеміндегі Рудный қаласының үлесі 36,9% - ды құрайды.
Жыл басынан бері 439 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі-91,9%. Шекемтас өндірісі 1,2% - ға, макарон өнімдері 4% - ға, дезинфекциялау құралдары 55% - ға ұлғайды.

Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 28,1 млрд.теңгені құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 533 млн. теңгеге артық, нақты көлем индексі – 101,9%.

Қалалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 114,6% - ға, шығыстар бойынша 100% - ға орындалды.
Бірінші жартыжылдықта тұрғын үй құрылысына 1,4 млрд. теңге бағытталды. 21 мың 636 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі - 5,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі – 67,9%.

2022 жылы үйлерді, инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және реконструкциялауға 2 млрд.941 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан бері пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 1 млрд. 25 млн.теңге сомасына 14 жоба, кепілдік беру бойынша – 610 млн. теңге кредит сомасына 9 жоба мақұлданды.

Рудный қаласының азаматтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асыруға 2022 жылы 2 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қалада өткізілетін барлық іс-шаралар белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, қала тұрғындарын шоғырландыруға, сондай-ақ Бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Олардың басты нәтижесі-тұрақты қоғамдық-саяси жағдай.

Сондай-ақ Қашар, Горняцк және Перцев кенттерінің әкімдері қалалық малисхат депутаттарының алдында есеп берді.